АДАПТАЦИЯ И ИНТЕГРАЦИЯ ПЕРЕСЕЛЕНЦЕВ ИЗ УКРАИНЫ В ЕВРОПЕЙСКОМ СОЮЗЕ

Авторлар

  • Андрей Бузаров Автор

DOI:

https://doi.org/10.61572/2958-1427-2023-1-55-83

Аңдатпа

Ресей Федерациясы 2022 жылдың ақпан айында Украинаға қарсы бастаған соғысты көптеген сарапшылар болжай алды, бірақ украиндықтардың ел ішінде және сыртқа қоныс аудару ауқымы көпшілікке тосын болды. Украиндықтардың ЕО елдеріне бейімделуі мен интеграциялануы үшін орасан зор құқықтық және институционалдық-саяси, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және халықаралық күш-жігер салуына қарамастан, Украинада соғыстың әлі жалғасып жатуы себепті украиндықтардың бейімделу процесінің көптеген аспектілері осы күнге дейін өзекті болып қалуда.
Бұл зерттеу РФ агрессиясы басталғаннан кейін қалыптасқан ЕО-дағы әлеуметтік жағдайға тән қоныс аударушылардың интеграциялану процестерінің жаңа сапалық аспектілері мен нақты ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Мақалада әлеуметтік қатынастардың жаңа құрамдас бөліктеріне ерекше назар аударылады, олар туралы білімнің жинақталуы қақтығыс тудыратын жаңа факторларына ден қоюға, көші-қон нәтижесінде келетін адамдардың сапалық ерекшелігіне сәйкес инклюзивтілік пен төзімділікті дамытуға мүмкіндік береді. Талдау мен қорыту авторға қолжетімді бірқатар кейстерді пайдалану негізінде, оның гуманитарлық және журналистік қызметіне сүйене отырып жүргізіледі және мәселені одан әрі зерттеу үшін эвристикалық негіз құрайды. Еуропалық елдердегі украиндықтардың бейімделуінің институционалдық процестерінің қазіргі жағдайын зерттей отырып, автор жергілікті украин қауымдастықтарының рөлі жоғары болғанына қарамастан, қоныс аудару және бейімделу процесінде қоныс аударушылардың өзіндік әлеуметтік және институционалдық байланыстары басты рөл атқарды деген қорытындыға келеді.

Автор өмірбаяны

  • Андрей Бузаров

    младший научный сотрудник кафедры государственного управления 
    и политических наук факультета социальных и гуманитарных наук Клайпедского университета, к.ф.н.
    Литва, Клайпеда

Жүктеулер

Жарияланды

2023-08-01

Журналдың саны

Бөлім

Статьи