ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОЛДОВАНДАР
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2025-2-31-40Кілт сөздер:
Қазақстан, молдовандар, бейімделу, көші-қон, депортация, этнос, қоныс аударуАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы молдовандардың қоныс аудару және бейімделу үдерісі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – молдовандардың Қазақстанға қоныстануының және олардың бейімделу ерекшеліктерінің революцияға дейінгі кезеңде, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында, 1937–1938 жылдардағы депортация кезеңінде және соғыстан кейінгі жылдары қалай жүргенін талдау. Зерттеу міндеті ретінде Қазақстандағы молдовандардың климаттық, шаруашылық-экономикалық, тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени бейімделуінің аталған тарихи кезеңдердегі ерекшеліктерін зерделеу қойылды.
Жұмыстың дереккөздік базасын Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының қорларындағы құжаттар, 1897 жылғы алғашқы Бүкілресейлік халық санағының материалдары, бүкілодақтық санақ деректері, сондай-ақ анықтамалық және энциклопедиялық материалдар құрады. Зерттеуде жалпығылыми әдістер (талдау, синтез, жинақтау) және арнайы тарихи әдістер (салыстырмалы-тарихи және библиометриялық әдістер) қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген тұрғын үйлер салу, молдован қоныстарының құрылуы сияқты тұрмыстық бейімделу үдерістері сипатталды. Сонымен қатар, молдовандардың Қазақстан аумағында егіншілік шаруашылығын дамыту үдерісі көрсетілді. Қоныс аударушылар мен жергілікті автохтонды халықтың әлеуметтік-мәдени өзара қатынастары ерекше белгіленді.