ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ЭТНОСТЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ДИНАМИКАСЫ МЕН СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2025-2-7-14Кілт сөздер:
ішкі этностық үдерістер, ішкі этностық динамика, этностық сәйкестік, миграциялық мобильділік, тығыз қоныстану, оқшау қоныстану, аккультурация, саяси қатысу, тілдік тәжірибелер, интеграция, этноәлеуметтік тұрақтылық, «ішкі эмиграция», этностық рәміздер мен мотивтерАңдатпа
Мақала Қазақстандағы полиэтностық қоғам жағдайындағы ішкі этностық үдерістерді талдауға арналған. Әртүрлі этникалық топтардың ішінде жүріп жатқан этнодемографиялық, этномәдени, тілдік, миграциялық және идентификациялық өзгерістер қарастырылады. Зерттеудің басты бағыты — этностардың бірігуі мен оқшаулануына ықпал ететін факторларды анықтау. Эмпирикалық деректер негізінде тұлғалық бірегейліктің трансформациясы, шоғырлана қоныстану нысандары, әлеуметтік-саяси үдерістерге тартылу деңгейі, сондай-ақ аккультурация, ассимиляция және интеграция дәрежелері қарастырылады. Ішкі этностық динамикаға әлеуметтік-демографиялық құрылым, урбанизация, діни ұстанымдар, жергілікті басқару саласындағы саяси реформалар және құндылық бағдарларының әсеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, этникалық топтар арасында қазақ этномәдени мотивтері мен рәміздеріне деген қызығушылықтың артуы атап өтіледі. Мақалада этносаралық тұрақтылық пен азаматтық интеграцияны қамтамасыз етуге бағытталған болашақ зерттеулердің негізгі бағыттары ұсынылады.