ДИАЛОГ ПЕН СЕНІМ ИНСТИТУТЫ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2025-1-7-14Кілт сөздер:
Қазақстан халқы Ассамблеясы, этносаралық қатынастар, азаматтық бірегейлік, қоғамдық келісім, этномәдени бірлестіктер, этносаясат, этномедиация, ұлттық бірлік, мемлекет-қоғам институты, қазақстандық келісім моделіАңдатпа
Мақалада қоғамдық келісімді, этностар арасындағы диалогты және азаматтық бірегейлікті қамтамасыз ететін бірегей мемлекет-қоғам институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдық даму жолы қарастырылады. ҚХА-ның қалыптасу кезеңдері, құрылымы, құқықтық және институционалдық негізі, ішкі тұрақтылықты нығайтудағы және қазақстандық келісім моделін ілгерілетудегі рөлі талданады. Ассамблеяның Қазақстанның орнықты дамуы мен саяси жаңғыруы үшін стратегиялық маңызы атап өтіледі.