ҚХА АУДАН ӘКІМДІКТЕРІМЕН ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРМЕН КЕШЕНДІ ЖҰМЫСЫ

Авторлар

  • Гульмира Билялова Автор

DOI:

https://doi.org/10.61572/2958-1427-2024-1-19-38

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, этносаралық сала, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы, қазақстандық патриотизм, «Адал азамат» тұжырымдамасы, халықпен ауқымды жұмыс, әлеуметтік топтар, жастар

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттары өңірлердің аудандық әкімдіктерімен және ауылдық округ әкімдерімен кешенді жұмыс мәнмәтінінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» және «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Беркелі қоғам», Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXII сессиясында, Ұлттық құрылтайының екінші және үшінші отырысында берілген тапсырмаларын іске асыру мәнмәтінінде талданады.

Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - ҚХА) және «Қоғамдық келісім» республикалық КММ-нің (бұдан әрі – «Қоғамдық келісім» РММ) облыстық әкімдіктермен, өңірлердің аудандық әкімдіктерімен өзара іс-қимылы және бірлескен жұмысы жөніндегі мәселелер өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері арқылы барлық әлеуметтік топтармен, әсіресе жастар мен өскелең ұрпақпен кең ауқымды жұмыс бойынша.қаралды.

Облыс орталықтарында, аудандарда және ауылдық округтерде этносаралық салада мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының кешенді және жүйелі жұмысының маңызы зор.Осы мақаланың материалдары 2023 жылғы 28 шілдеде онлайн форматта болған және Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - ҚЭЗИ) және «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырған «Қоғамдық келісім» өңірлік КММ-нің қатысуымен аудандық және ауылдық әкімдерге арналған республикалық семинар-тренингте ұсынылды және қабылданды. Мақалада ҚХА, «Қоғамдық келісім» РММ, «Қоғамдық келісім» өңірлік КММ және ҚХА-ның түрлі деңгейдегі Достық үйлерінің аудандық әкімдіктермен және ауылдық округ әкімдерімен бірлескен жұмысында тәжірибелік ұсынымдардың маңызы зор.

Автор өмірбаяны

  • Гульмира Билялова

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатыныстарды дамыту комитетінің
    «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы

    Қазақстан, Алматы

    e-mail: bilyalova.g@qkelisim.kz

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи