МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ-ҰЛТАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ
Кілт сөздер:
қоғам, ұрпақ, өркениетАңдатпа
Осы мақалада Қазақстанның жалпыұлттық азаматтық қоғамын біріктіруші фактор ретіндегі мемлекеттік тілі - қазақ тілін дамытудың маңыздылығы қарастырылған. Осы бағыттағы өзекті мәселелердің бірі ретінде жалпы қазақстандық жастарды тәрбиелеу барысындағы ұлттық құндылықтар мен азаматтық құндылықтардағы ерекшеліктер жан-жақты талданады.
Мемлекет құраушы ұлт өкілдері - қазақ жастарымен бірге, Қазақстанның болашағы үшін кез келген ішкі, сыртқы кедергілерге төтеп беретін, кездескен тығырықтан шыға алатындай, қазақ елін мекендейтін этностық топ өкілдерінің жастары да бір кісідей жұмыла әрекет ету қажеттігінің себептері мен маңызы талданған. Сонымен қатар университет жастарымен жүргізіліп жатқан студенттік «Бірлік» Ассамблеясының тәжірибесі туралы мәліметтер қамтылып, ұсынылған.