ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ӨЗБЕК АЗАМАТТАРЫ
Кілт сөздер:
саяси қуғын-сүргін, Ішкі істер Халкомы, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, өзбектер, буржуазиялық ұлтшылдарАңдатпа
Жаппай саяси репрессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды.
Автор деректемелік негізде ауқымды мәселені өңір тарихына қатысты этносаяси тұрғыда зерделеуде атқарылар істердің аз емес екендігін, Оңтүстік өңірде өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұлттық құрамы, сол жылдардағы қарастырылып отырған аймақтың полиэтникалық құрамына сәйкес келетіндігін нақты дәлелдейді. Осылай, республиканың негізгі халқы – қазақтар репрессияланғандардың 3/5 бөлігін құраса, 1/5 бөлігін орыстар және қалған 1/5 бөлігін 20-дан астам басқа этникалық топтың өкілдері құраған еді. Солардың ішінде Оңтүстік өңірде репрессияға ұшыраған өзбек азаматтарының саны 70-тен асып жығылады екен.