РЕФОРМИРОВАНИЕ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ АНК В КОНТЕКСТЕ ИДЕОЛОГИИ «СЛЫШАЩЕГО ГОСУДАРСТВА»
Кілт сөздер:
«естуші мемлекет», Қазақстан халқы Ассамблеясы, реформалар, этносаралық қарым-қатынастар, қақтығыс, бірегейлікАңдатпа
Мақалада реформаның заңнамалық базасын құру бойынша қазақстандық мемлекеттің жалпы міндеттері талданады, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің реформасы да қарастырылады. Елдің дамуында қауіпті дисбаланстар мен үйлеспеушіліктерді жою үшін, соның ішінде этносаралық саладағы кейбір кемшіліктерді еңсеруде Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың «естуші мемлекет» туралы концептісін алға жылжыту бойынша жүйелік шаралар қажет. Реформаның табысты түрде іске асуы көп жағдайда биліктің қоғаммен тұрақты түрде «кері байланыс» жасай алу қабілетіне тікелей байланысты, әсіресе іс жүзінде тұрғындардың талабы мен қажеттіліктерін қанағаттандыра білу өте маңызды. Қазақстандық мемлекеттің қалыптасуына ерекше үлесін қосқан жаңартылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі кездегі әлеуеті оның алдағы уақытта дамуында шығармашылық түрде қолданылуы тиіс.