ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНА ПОЛЯКТАРДЫ КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРУ БАРЫСЫ ЖӨНІНДЕ
Кілт сөздер:
арнайы қоныстанушылар, арнайы жер аударылғандар, поляк, мұрағат, Екінші дүниежүзілік соғысАңдатпа
Мақалада мәліметтері мұрағат деректерімен расталған және Қазақстанға кеңестік биліктің күштеп жүргізген депортациялау саясаты салдарынан туындаған поляк жер аударылғандардың ауыр тағдыры ұсынылады. Ұжымдастыру және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында республика аумағында қалыптасқан жер аударылғандар тағдырының қалыптасуының күштеп трансформациялануын дәлелдейтін ауқымды деректер ҚР мемлекеттік мұрағаттарында сақталған. Қазақстанға келген поляк құрамының негізгі бөлігі өмір шынайылығына көңдіге алмай, Отанға оралуға деген үмітке сүйене өмір сүреді. Көпшілігіне, өкінішке орай, осы арманның жүзеге асуы шынайылыққа ұласпады. Соған қарамастан, поляк арнайы қоныстанушыларды барлық мүмкіндіктерге қарай, жеке қиыншылықтарына қарамастан, қоныстанушыларға қолдау жасаған жергілікті тұрғындарға деген риясыз алғыс, осы тағдыр тәлкегін басынан кешірген поляктардың естелігінде.