REDEFINING ISRAELI NATIONAL IDENTITY: UNDERSTANDING THE ROLE OF MILITARISM AND SETTLER-COLONIALISM
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2023-1-84-93Аңдатпа
Израильдің ұлттық бірегейлігі кеңінен талқыланатын тақырып. Қазіргі зерттеулер Израиль ұлттық бірегейлігінің негізгі құрамдас бөліктері ретінде сионизмнің, иудаизмнің, Холокосттың, либерал демократияның және батысшылдықтың маңыздылығына баса назар аударған. Алайда милитаризм мен қоныстанушы-отаршылдықтың Израильдің ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы рөлі назардан тыс қалды. Бұл зерттеу милитаризм мен қоныстанушы-отаршылдықтың Израильдің ұлттық бірегейлігіне әсерін зерттеуге бағытталған. Зерттеу сұрағы мынадай: осы құбылыстар Израильдің ұлттық бірегейлігінің қалыптасуына қалай ықпал етті? Зерттеу ең алдымен сионизмнің, иудаизмнің, Холокосттың, либерал демократияның және батысшылдықтың Израильдің ұлттық бірегейлігіндегі орнын талқылайды. Содан кейін Израильдің ұлттық бірегейлігіндегі милитаризм мен қоныстанушы-отаршылдықтың қалыптасу процесі мен көріністерін зерттейді. Қайталама дереккөздер бұл зерттеудің негізін құрайды.