ЭТНИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БІРЕГЕЙЛІККЕ ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУ: ӘДІСНАМА ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2025-2-22-30Кілт сөздер:
бірегейлік, азаматтық бірегейлік, этникалық бірегейлік, әйелдер, ұрпақаралық сабақтастық, этникалық қауымдастықтар, нарративтік сұхбат, қатыстық бақылау, Шымкент, Түркістан облысыАңдатпа
Мақала Қазақстанның оңтүстігіндегі этникалық қауымдастықтарда азаматтық және этникалық бірегейліктің қалыптасуын және құндылықтар мен нормалардың ұрпақаралық сабақтастығының негізгі агенттері ретінде әйелдердің рөлін талдауға арналған. Эмпирикалық
база Шымкент қаласы мен Түркістан облысының моно- және полиэтникалық аймақтарында (өзбек, түрік, тәжік, күрд, кәріс әйелдері; салыстыру үшін – қазақ әйелдері) жүргізілген 130-дан астам нарративтік тереңдетілген сұхбаттар мен қатыстық бақылауларды қамтиды. Сапалық зерттеу дизайны күнделікті әлеуметтенудің тетіктерін реконструкциялауға және этникалық, ұлттық және азаматтық бірегейліктердің қалай қатар өмір сүріп, тоғысуын байқауға және талдауға мүмкіндік берді. Әйелдер практикалары бір мезетте этномәдени маркерлерді (тіл, дәстүрлер, діни және отбасылық формалар) сақтауды және жалпыазаматтық ұстанымдарды (еңбек, жауапкершілік, нормаларды сақтау) меңгертуді қамтамасыз ететіні
көрсетілді. Аймақтық айырмашылықтар (моно-/полиэтникалық орта, қала/ауыл) мен өмірлік траекториялар (білім алу, кәсіби жұмыспен қамтылу, отбасылық шешімдер) жастар арасында бірегейліктің әртүрлі конфигурацияларын айқындайды. Зерттеу нәтижелері отбасылық
әлеуметтенудің шекараларын айқындауда және балаларда әрі азаматтық, әрі этникалық бірегейлікті қалыптастыруда аналардың басым рөлін растайды.
Мақала сапалық деректердің үлкен базасына (139 нарративтік сұхбат және қатыстық бақылаулар) сүйенеді және «Қазақстан этникалық қауымдастықтарындағы әйелдер азаматтық және этникалық бірегейлікті өндіру және қалыптастыру каналы ретінде (Түркістан облысы және Шымкент қаласы мысалында)» атты далалық зерттеу жобасының материалдары бойынша аналитикалық жинақтауды ұсынады, теориялық-ұғымдық шеңберді сапалық зерттеу дизайны мен нәтижелердің егжей-тегжейлі сипаттамасымен ұштастырады.