КАВКАЗ АЛБАНИЯСЫНЫҢ ТАҢБАЛАРЫ: ТҰРАН ЭТНОМӘДЕНИ КЕҢІСТІГІ МҰРАСЫНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СИМВОЛИЗМІ
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2025-1-31-40Кілт сөздер:
Кавказ Албаниясы, ежелгі түркі символизмі, түркі таңбалары, түркі халықтарының ортақ мұрасыАңдатпа
Кавказ Албаниясы — б.з.д. IV–III ғасырлардан б.з. VIII ғасырына дейін қазіргі Әзірбайжанның тарихи аумағында өмір сүрген ежелгі полиэтносты мемлекет. Страбонның деректеріне сәйкес, бұл мемлекетті 24 түркі, кавказ тілдес және иран тілдес тайпа мекендеген. Албания аумағы кең географиялық кеңістікті қамтыған: қазіргі Әзірбайжан, Армения, Грузияның бір бөлігі және Оңтүстік Дағыстан жерлері.
Әзірбайжанның көне топонимдерінде бүгінгі күнге дейін ежелгі түркі тайпалары мен халықтарының атаулары сақталған: сақтар, савирлер, бұлғарлар, қазақтар, ғұндар, алпан, гаргарлар, тертерлер, печенектер, кангарлар, шолылар, салы және тағы басқалар. Сонымен қатар, мәдени мұраны, оның ішінде культтік нысандарда, қамал қабырғаларында, тұрмыстық бұйымдарда, қару-жарақта, құлпытастар мен жартас суреттерінде бейнеленген киелі таңбаларды зерттеу — Кавказ Албаниясында түркілердің үстем рөлін ғана емес, сонымен қатар олар мен Солтүстік Кавказ және Орталық Азия түркілері арасындағы тарихи байланысты көрсетеді.