ЭТНИКАЛЫҚ РЕПАТРИАЦИЯ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ АУҒАНСТАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ОРАЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.61572/Кілт сөздер:
миграция, теориялар, экономика, әлеуметтану, психология, репатриация, Ауғанстан қазақтары, интеграция, этникалық идентификацияАңдатпа
Мақалада этникалық репатриация теориясын жасау талпыныстары талқыланады. Зерттеудің алғашқы бөлігінде экономика, әлеуметтану және психология бойынша миграция теорияларына шолу жасалынып, күрделі мәселелер мен ғылыми еңбектер қарастырылды. Иммигранттар санатының көбеюі, репатрианттар категориясын (этникалық репатрианттар, диаспора ұрпақтары, зейнеткер-репатрианттар т.б.) айқындап, олардың оралу себептері мен салдарын түсінуді қажет етеді. Сол себепті, әуелі репатриация себептерін қарастырғанда оны анықтаушы факторларға көңіл бөлінеді. Репатриация салдары тұрғысынан келгенде, оралғаннан кейінгі олардың қозғалысы, бейімделуі жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Мақаланың екінші бөлігінде Ауғанстандағы қазақтардың оралу көші-қоны мысалында елдегі негізгі топтардың көзқарастары сынды контекстік факторлар зерттелді, себебі қабылдаушы қоғам қандастардағы аккультурация процесінің маңызды модераторлары болып табылады. Сонымен қатар, түрлі теория, модельдердің қазақ репатрианттардың көші-қон мотивтері мен бейімделуін түсіндірудегі артықшылықтары мен кемшіліктері талданды.