ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭТНОСАЯСАТТЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Адилет Амиров Автор
  • Айгуль Садвокасова Автор

DOI:

https://doi.org/10.61572/2958-1427-2024-1-6-13

Кілт сөздер:

Қазақстан, этносаясат, этносаралық қатынастар, идеология, Қазақстан халқы Ассамблеясы, заңнама, нормативтік-құқықтық база, этносаралық келісім, кемсітушілікке қарсы тұру, азаматтық қоғам.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның мемлекеттік этносаясаты жан-жақты талданып, оның мәдени, құқықтық негіздері, стратегиялық бағыттары мен практикалық шаралары көрсетілген. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) этносаясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда шешуші рөл атқаратын бірегей институт ретіндегі рөліне ерекше назар аударылады. Қазақстанның этносаясатты жүзеге асыру саласындағы жетістіктері талданып, оны дамытудың перспективалық бағыттары айқындалады, этносаралық келісім мен бітімгершілік саласындағы қазақстандық тәжірибеге шолу жасалады. Мақала этносаясат, этносаралық қатынастар, адам құқықтарын қорғау, мәдени әртүрлілікті сақтау және көпэтносты қоғамдағы бірлікті нығайту мәселелеріне қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға арналған.

Автор өмірбаяндары

  • Адилет Амиров

     

    Әлеуметтік ғылымдар магистрі,

    Әдістемелік және оқу бағдарламалары орталығының жетекші менеджері

    Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты.

    Астана, Қазақстан Республикасы.

  • Айгуль Садвокасова

    Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы,

    Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары,

    Әлеуметтану ғылымдарының докторы.

    Астана, Қазақстан Республикасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-07-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи