ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШИЕЛЕНІСТІ АЛДЫН АЛУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ДАМЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2023-2-45-51Кілт сөздер:
этномедиация, қақтығыстардың алдын алу, этномедиаторларды дайындау, қақтығыстарды реттеу, этносаралық шиеленісті төмендетуАңдатпа
Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасы 100-ден астам этностар өкілдері тұратын және мемлекеттік деңгейде жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ерекше назар аударылатын көпмәдениетті ел болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында елімізде тұрақты институционалдық база қалыптасты, түрлі мәдениеттердің бейбіт қатар өмір сүруіне бағытталған түрлі технологиялар мен тетіктер әзірленді және белсенді пайдаланылуда. Жаһандану дәуірін, геосаяси кеңістіктегі, сондай-ақ жалпы әлемдегі жағдайды ескере отырып, елдегі жалпыұлттық бірлікті нығайту және дамыту процесі үздіксіз болып қала береді. Бұл мақала әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасындағы қақтығыстардың алдын алу мен реттеудің тиімді әдісі ретінде - этномедиацияға арналған.