ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ МУЛЬТИКУЛЬТУРАЛИЗМНІҢ ҚҰБЫЛЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.61572/2958-1427-2023-2-22-34Кілт сөздер:
мультикультурализм, социологиялық көзқарастар, әлеуметтану, жаһандануАңдатпа
Мақалада мультикультурализмнің әлеуметтік-саяси құбылыс ретіндегі талдауы берілген. Авторлар қазіргі зерттеу әдебиетінде және саяси тәжірибеде қалыптасқан «мультикультурализм» концепциясының интерпретациясын талдайды. Авторлар мультикультурализмді анықтауда қолданыстағы тәсілдерде сәйкессіздік мәселесін анықтайды, сонымен қатар осы тұжырымдаманың негізгі идеяларын қарастырады. Мультикультурализм ұғымына ерекше назар аударылады, оның тиімділігі полиэтникалық орталардың түркі мемлекеттеріне қатысты интерпретациялық моделі ретінде де, мигранттарды қабылдаушы қоғамға интеграциялауды қамтамасыз етуде де көрсетілген.