Журнал туралы

«Этносаясат» ақпараттық-талдау басылым ҚР МАМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты тапсырысымен 2022 жылдан бастап шығарылады. 
Басылымда ақпараттық-талдау мақалалар, талдамалық шолулар (анықтамалар), ғылыми зерттеулердің қазақ, орыс және/немесе ағылшын тілдеріндегі нәтижелері жарияланатын болады. 

Басылымның негізгі мақсаты этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді көрсету.

Журналдың міндеттері:

- этносаралық қатынастар үрдістерін сараптамалық бағалау, ҒСК, өңірлердің ҒСТ мүшелерінің, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша отандық және шетелдік сарапшылар мен ғалымдардың қоғамдық келісім саласындағы жағдайын болжау бойынша материалдар жариялау;
-    мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған этносаралық қатынастар тақырыбы бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралардың, жобалардың талдамалық шолуларын басып шығару.
Авторлардың пікірлері редакциялық алқамен сәйкес келмеуі мүмкін.
Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген. Тіркеу туралы куәлігі 2022 жылғы 23 тамыздағы №KZ09VPY00054187.